{metadescription}
Шетелдіктердің Қазақстан ЖОО-ларын таңдауының 4 себебі

Шетелдіктердің Қазақстан ЖОО-ларын таңдауының 4 себебі

Ерлан Сағадиев шетелдіктердің Қазақстан ЖОО-ларын таңдауының 4 себебін атады.

Бұл туралы Қазақпарат жазады. 

Қазақстанда білім алу үшін шетел азаматтары мынадай басымдықтарға көңіл бөлуде:

1) тұрақты жоғары табыс әкелетін мамандықтың беделі;

2) Үндістан азаматтарыүшін Қазақстандық медициналық университетінде оқу құнының қолжетімділігі;

3) Қазақстандық ЖОО-лардың шетелдік медициналық мамандарды сапалы даярлауы. Жыл сайын отандық медициналық оқу орындарын бітірушілер Үндістанның медициналық кеңесінің біліктілік емтихандарында (қазақстандық ЖОО-лардың түлектері үшін оларға Үндістан Республикасы аумағында медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін білім беру процесі) жоғары нәтижелерді көрсетіп, ТМД мемлекеттері мен Қытайдың арнайы ЖОО-ларын бітірген әріптестерінен озық екендерін көрсетуде;

4) Әлеуметтік-саяси жағдайдың тұрақтылығы, Қазақстандағы жоғары толеранттылық, ОАР елдерімен салыстырғанда жалпы қауіпсіздік деңгейі, сондай-ақ Үндістанмен саяси көзқарас қайшылығының жоқтығы.

Ерлан Сағадиев өз жауабында медициналық білім берудегі көрсетілетін білім беру қызметі нарығының объективті ерекшеліктері мен нақты сұраныстары ескеріле отырып, Қазақстанның көп бейінді университеттерінің базасында медициналық факультеттерді ашу туралы шешім қабылданғанын атап өтеді.
 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде