{metadescription}
Цирк жылқысы 6 жасар қызды жаралады

Цирк жылқысы 6 жасар қызды жаралады

Прикамьеде цирк жылқысы 6 жасар қызға шабуыл жасады. 

Оқиға жақында ғана Пензаның шапито-циркі өнер көрсеткен Краснокамск қаласында орын алған. Әйел төрт баласымен жылжымалы шатыр орналасқан көшеде  қыдырып жүрген. Айтуынша, шатырдың жанында ешкімнің қарауынсыз цирктің аттары жайылып жүрген көрінеді.Олардың қатарында қызы зардап шеккен ақбоз ат та болған.

Анасы басқа балаларына алданғанда, 6 жасар Настя аттарға жақындаған. Сол сәтте жануар оның санынан тістеп алған.

«Нәтежиесінде ақбоз ат менің қызымді тістеп, лақтырып жіберді. Өз балаларыңызға қарап, жануарларға жақындатпаңыздар»,- деп ескертті әкесі әлеуметтік желіде. 

Айта кетейік, аталған шапито циркі бұған дейінде БАҚ-ның назарына іліккен. Қараша айында Свердлов облысындағы іс-сапарларында  цирктен Анфиса есімді маймылдары қашып кеткен еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде