ФОТО: Құлаған ұшақта әке-шешесі мерт болып, ұлдары аман қалды
Жеңіл қозғалтқышты Cessna 210 ұшағы Американың Детройт штатына құлады.
09:00 28.06.2018
Куәгерлер отқа оранған қирандылардан жасөспірімнің шыққанын бейнежазбаға түсіріп алған. Ол ұшақ апатынан тірі қалған жалғыз жолаушы. Оның ата-анасы оқиғадан қаза тапты.
Бұл қайғылы оқиға Американың Детройт штатында орын алды. Коулмана А. Янга әуежайының маңында жеңіл қозғалтқышты Cessna 210 ұшағы құлады. Апат ерлі зайыпты Боаздардың өмірін жалмады, ал 17 жасар ұлдары Пейнтон таңғажайып жағдайда тірі қалды. Отқа оранған қирандылардан жасөспірімнің шығып, адамдардан көмек іздегенін куәгерлер бейнежазбаға түсірген.
Оқиға орынына алғашқы көмек келіп, денесін күйік шалған жасөспірімді ауруханаға алып кетті. Дәрігерлер Пейтонның жағдайы ауыр деп отыр. Баланың туысының айтуынша әкесі ұшақты апаттан бір апта бұрын сатып алған. Боаз 10 жыл көлемінде ұшақ басқармаған. Үш адамнан құралған отбасы қыздарының волейболдан өтетін жарысына бағыт алған.
Алдын ала деректер бойынша ұшақтың дөңгелегінде ақау пайда болған. Ұшқыш ол туралы диспетчерлік қызметке хабарлаған. Оған шұғыл түрде Детройт әуежайына қонуға рұқсат етілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!