Шымкентте компьютер ойынының кесірінен үш адам өлді
Шымкентте компьютер ойынының кесірінен үш адам өлді.
11:20 28.06.2018
27 жастағы Олег Власкин мен оның танысы 21 жасар Александр компьютер ойнап, соңғысы сотталушыға 250 мың теңге қарыз болып қалады. Ұтылған жігіт танысына берешегін қайтармайтынын жеткізген. Осыған ашуланып, ақшаны қалай да қайтармақ болған ол ақпанның 8-і күні танысының үйіне барып, есікті ашқан жасөспірімді, сосын үйге келген анасын, кейін күтіп отырып танысының басынан ауыз затпен соғып өлтірген. Қылмысын жасаған ол сол үйден бірқатар заттар да ұрлап шыққан.
Сот-медициналық сараптама қорытындысы айыпталушының ақыл-есінде психикалық ауытқу жоқтығын, қылмысты қасақана жасағанын растады. Ол компьютерлік ойындарға қатты әуестенген. Сотта одан анасы да бас тартып, бірде-бір отырысқа келмеді. Айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырды. Жазасын барынша қатаң түрмеде өтейтін болды. Оның тустары да бұл үкіммен келісіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!