{metadescription}
Түркістан облысында құрылатын төрт ауданның шекарасы бекітілді

Түркістан облысында құрылатын төрт ауданның шекарасы бекітілді

Түркістан облысының жаңа құрылатын Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарының шекаралары белгіленді.

Сарыағаш ауданының аумағы 417074 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген: Солтүстік шекарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы мен Қазығұрт ауданының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;

Шығыс шекарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданынын, қолданыстағы шекарасы бойынша және Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Қыбрай ауданымен шектесетін Зах каналы арнасы бойынша өтетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтеді;

Оңтүстік шекарасы Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Қыбрай, Ташкент, Занги ата аудандарымен шектесетін Келес өзені арнасы бойынша өтетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы ақылы және одан әрі Оңтүстік Қазақстан облысы құрамында құрылатын Келес ауданының Біртілек, Ошақты, Бірлік, Жамбыл, Бозай ауылдық округтерінің қолданыстағы шекаралары арқылы өтеді;

Батыс шекарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданымен шектесетін Сырдария өзені арнасы арқылы өтеді. Құрылатын Келес ауданының аумағы 345129 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген.

Солтүстік шекарасы Оңтүстік Қазақстан облысында құрылатын Сарыағаш ауданының Әлімтау, Дарбаза, Тегісшіл, Құркелес ауылдық округтері мен Көктерек кентінің қолданыстағы шекаралары арқылы өтеді; шығыс шекарасы Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Занги ата мен Янгиюль аудандарымен шектесетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтеді;

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде