{metadescription}
Астанада үш күн бойы тегін экскурсиялар өтеді

Астанада үш күн бойы тегін экскурсиялар өтеді

Астанада үш күн бойы тегін экскурсиялар өтеді.

29, 30 маусым және 1 шілде күндері аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары тегін экскурсияға қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Үш күн бойы автобустар Астананың сол жағалауымен тегін экскурсиялар өткізетін болады. Экскурсия «AiLand» (океанариум) ойын-сауық орталығынан және «Hilton Astana» қонақ үйінен басталады. Аудиогидтер қазақ және орыс тілдерінде қаланың көрікті нысандары жөнінде ақпарат тарататын болады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде жүргізіледі). Мәліметтерді белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты: - сағ. 10:00 (қазақ тілінде); - сағ. 12:05 (орыс тілінде); - сағ. 14:45 (қазақ тілінде); - сағ. 16:50 (орыс тілінде); - сағ. 18:55 (қазақ тілінде). Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Hilton Astana», «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Hilton Astana», Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі. «Hilton Astana» аялдамасынан қозғалу уақыты: - сағ. 10:00 (қазақ тілінде); - сағ. 12:05 (орыс тілінде); - сағ. 14:45 (қазақ тілінде); - сағ. 16:50 (орыс тілінде); - сағ. 18:55 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) ойын-сауық орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.