{metadescription}
ФОТО: Америкалық әйел емшек сүтін тапсырудан рекорд орнатты

ФОТО: Америкалық әйел емшек сүтін тапсырудан рекорд орнатты

Америкалық әйел емшек сүтін тапсырудан рекорд орнатты.

Орегон штатынан 30 жастағы Элизабет Андерсон-Сьерра 700 күн ішінде 53535 унций емшек сүтін өткізіп, Гиннесс рекордын орнатты. Бұл 1600 литр!

Бұл әйелдің екі кішкентай қызы бар. Элизабет осыдан үш жарым жыл бұрын омырауын сауып, сүт өткізе бастапты. Ол күн сайын бұл іске 5 сағатын арнаған. Оған қоса сүтін зарарсыздандырып, орап-қаптап, қатыруға да біраз уақытын жұмсаған. Яғни, аталмыш іс бірқатар еңбекті қажет етеді. Элизабет демеушілер мен қайырымдылық қорына үмітті.

Элизабет гиперлактация - шектен тыс омырау сүтін сүт өндіру синдромымен ауырады. Сондықтан ол жүздеген нәрестелерге міне, бірнеше жыл қатарынан көмек көрсетіп келеді.

Қазір ол жалпы алғанда омырау сүтінің 120 000 унциін өткізді - сүттің ресми банкі мен жеке адамдарға да қайырым жасаумен айналысады.   



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде