ФОТО: Түркия қонақ үйінің әкімшілігі ресейлік қызды қара тізімге енгізді
Түркиядағы отель маңында шомылу киімімен фотоға түскен орыс қызы қара тізімге енгізілді.
15:00 29.06.2018
Бес жұлдызды отельдің ережесінде қонақ үй аймағында жалаңаш суретке түуге тыйым салынған. Яғни, суретке киіммен ғана түсу қажет. Ресейлік турист Анастасия Монстович бұл ережені білмейді екен.
Түркияның Мармарис қаласындағы жарқыраған отель ресейлік қыздың көңілінен шықса керек. Ал отельдің мұсылмандық екенін турист қыз есінен шығарса керек. Анастасия жолға шығар алдында болашақ демалысын егжей-тегжейлі құрғанын айтады. "Отельде ешқандай шектеу жоқ, ішімдік ішуге ғана тыйым салынған. Ортақ жағажайда шомылу киімімен жүруге болады делінген нұсқаулықта", - дейді Настя.
Демалып жатқан Настя Инстаграм парақшасына бикинимен түскен фотосын отельдің геомекенімен салды. Біраз уақыттан соң отельдің парақшасынан геолокацияны алып тастау туралы өтініш келеді. Жартылай жалаңаш денемен түскен сурет болашақ мусылман клиенттерімізді үркітіп жіберуі мүмкін делінген. Анастасия өз құқығы басқа клиенттердің құқығымен тең екенін айтты.
Анастасия өтінішті орындамаған соң, отельдің Instagram-дағы ресми парақшасы ресейлік қызды қара тізімге енгізуге мәжбүр болды. Енді Анастаия бұл отельдің маңына жоламауы тиіс, деп хабарлайды Turkiye Turizm.
Бірақ демалушы қыз бұл отельде түскен небір суреттері мен бейнематериалдарын геомекенімен белгілеп әлі де талай салатынын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!