ВИДЕО: Полиция Capital газетіндегі бес адамның өліміне қатысты күдіктіні анықтады
Полиция Capital газетіндегі бес адамның өліміне қатысты күдіктіні анықтады.
15:20 29.06.2018
Қаруланған ер адам Мэриленд штатындағы Аннаполис қаласында орналасқан Capital газетінің баспасына шабуыл жасаған болатын.
Ол қызметкерлерге оқ жаудырып, бес адам қаза тауып, үш адам жараланды.
Күдіктіні оқиға орынында қолға түсірді. Саусақ іздерін жасырмақ болған ол саусағын әдейі жарақаттаған. Дегенмен полиция оны түрді анықтау жүйесі бойынша тауып алды.
Күдікті 38 жастағы Лорел тумасы Джеррод Уоррен Рамос деп танып отыр. 2012 жылы ол журналистің жала жапқандығы үшін баспамен бірнеше рет соттасқан.
Оқиғадан шамамен бір жыл бұрын журналист Томас Хартли Рамос туралы мақала жазған. Онда ер адамның бұрынғы сыныптастас қызын қалай аңдығаны туралы әңгімеленген. Басылымның шығуына бес күн қалғанда, Рамос осы іске кінәлі деп танылып, үш айға сотталады. Оның әлеуметтік желілердегі беттерінде дәл осы газеттің журналистеріне қатысты көптеген жағымсыз пікірлер жазылған.
Мэриленд қаласындағы басылымдағы шабуылға байланысты, Нью-Йорк полициясы көптеген БАҚ ғимаратттарына күзет орнатуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!