ВИДЕО: Бойжеткен асығамын деп ажал құша жаздады
Жолдан жүгіріп өтемін деген қызды көлік басып кеткен.
13:20 30.06.2018
Жан түршігерлік оқиға Мексиканың Ногалес қаласында орын алған. Апат бейне бақылау камерасына түсіп қалған.
22 жастағы Минерва есімді ару асығамын деп ажал құша жаздаған. Өкшесі биік аяқ киімімен тайып кеткен ол жеңіл автокөліктің астында қалған. Бұған қоса ол телефонмен сөйлесіп келе жатқан.
Жол-көлік апатының куәгерлері қызға дереу көмек қолдарын созған. Абырой болғанда ол тірі қалған. Қазір қолынан, аяғынан бірнеше жері сынып ауруханада жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!