3 жасар бала кір жуғыш машинаға қамалып қаза тапты
Жан түршігерлік оқиға Польшаның Слупск қаласында болған.
15:30 30.06.2018
Марсель есімді үш жасар бала әке-шешесінің қолы бос емес уақытта өзінің бес жасар әпкесімен ойнап жүрген. Жуыну бөлмесіне кіріп, кір жуғыш машинаның ішіне тығылып қалған. Артынан есікті жауып алған бала тұншығып қалған.
Тығылып қалған інісін таппаған Марсельдің әпкесі ата-анасына жүгінген. Барлық жерді қарап шыққан әкесі жуыну бөлмесіндегі кір жуғыш машина барабанының ішінен демсіз жатқан ұлын тауып алған.
Құтқарушы дәрігерлер келгенге дейін Марсельдің жағдайы тым ауыр болған. Жансақтау бөліміне жеткізілген баланың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер бір жарым сағат бойы өмірімен күрескен.
Марсельге сәтті ота жасалғаннан кейін ол алты сағаттан соң қайтыс болған.
Қазір тергеу амалдарын полицейлер жүргізіп жатыр. Баланың өліміне кінәлі деп ата-анасына айып тағылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!