{metadescription}
ФОТО: Ержан Шынкеев «Қазақстан Барысы-2018» атанды

ФОТО: Ержан Шынкеев «Қазақстан Барысы-2018» атанды

Бүгін Астана төріндегі «Барыс Арена» спорт кешенінде «Қазақстан Барысы» VIII республикалық турнирі өтті.

Ержан Шынкеев финалда «Әскер Барысы» Ерасыл Қажыбаевты азғантай ұпай санымен ұтып, «Қазақстан Барысы-2018» атағының иегері атанды.

Әскер барысы Ерасыл Қажыбаев күміс белбеуді, Айбек Нұғымаров қола белбеудің иегері атанды.

Ержан Шынкеев осыған дейін «Қазақстан Барысында» бір рет күміс белбеуді жеңіп алған болатын. Осылайша, Ержан Шынкеевке алтын белбеу мен алтыннан құйылған «тайтұяқ» және 25 млн теңге табысталды. Ал бапкері 3,5 млн теңгеге иелік етті.

Екінші және үшінші орынға сәйкесінше күміс және қола белбеу тапсырылды. ІІІ орын алған балуанға 1,8 млн теңге, ал оның бапкеріне 900 мың теңге табысталды. Ал ІІ орын үшін 5,5 миллион теңге, оның бапкеріне 1,8 млн теңге берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде