{metadescription}
Полиция бизнесменнің пәтерінен 11 адамның денесін тапты

Полиция бизнесменнің пәтерінен 11 адамның денесін тапты

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында жексенбі күні пәтерден 11 адамның мәйіті табылды. БАҚ-тың хабарлауынша, қаза тапқандардың бәрі – бір отбасының мүшелері. 

Полициядағы дереккөздің мәліметінше, үй дүкені мен сүт цехы бар бизнесменге тиесілі болған. Жергілікті уақытпен сағат 8.00-де кәсіпкердің көршісі есігі ашық тұрған пәтерге кіріп, отбасы мүшелерінің, соның ішінде бизнесменнің денесін көреді. Ол бірден полицияға хабар берген, деп жазады.

"Көршінің айтуынша, әдетте бұл пәтердің есігі жабық тұрады. Бірақ жексенбі күні ашық болған. Біз мұның суицид пе, жоқ әлде кісі қолынан қаза тапты ма, анықтайтын боламыз", — деді полициядағы дереккөз. 

Оның айтуынша, қаза тапқандардың арасында – төрт ер адам, үш әйел және төрт қыз бар. 

Марқұмдардың үйінен ешқандай хат табылмаған.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде