Қостанайлық әйел құрбысына пышақ сұғып алған
Қостанай қаласында 31 жастағы әйел танысына пышақ сұқты.
11:28 02.07.2018
Қостанай облыстық ІІД-нің мәліметінше, 31 және 35 жастағы екі әйел бірге алкогольдік ішімдік ішкен екен. Мастықтан олар бірін-бірі өлтірмек болған.
«Екеуі бір-бірімен сөзге келіспей қалған. Артынша 31 жастағы әйел құрбысына пышық сұғып алады. Зардап шегуші оқиға орнынан дереу ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды», – делінген Қостанай облыстық ІІД хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. ҚР ҚК-нің «Кісі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!