3 күнде Жерорта теңізіне 200-ден астам мигрант батып кетті
29 маусым мен 1 шілде аралығында үш күн ішінде Жерорта теңізіне 200-ден астам мигрант батып кеткен.
12:37 02.07.2018
Бұл туралы Халықаралық көші-қон ұйымы (ХМҰ) хабарлады.
Ұйымның мәліметтері бойынша, жыл басынан бері босқындардың теңізде қаза болғандар саны мыңнан асады.
«Осы апта соңында Ливия жағалауында 204 мигрант қайтыс болды. Осылайша, биылғы жылы қаза тапқан мигранттардың жалпы саны 1000 адамнан асты », - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жұмадан жексенбіге дейін Ливия жағалауының гвардиясы Ливияға Жерорта теңізінің қиылысуынlf бақылауды күшейтіп, Еуропаға баруға тырысқан мыңнан астам мигранттарды қайтарған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!