Толассыз жауған жауыннан 100 адам қаза тапты
50 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
14:35 09.07.2018
Жапонияның батыс бөлігінде толассыз жауған жауын-шашыннан су тасқыны мен көшкін орын алып, салдарынан кем дегенде 100 адам қаза тапты.
Бейсенбіден бастап Жапонияның батыс бөлігінде шілде айындағы қалыпты жауын-шашын көлемінен үш есе көп жаңбыр жауған.
Екі миллион адам өзеннің арнасынан шығып, тасуына байланысты эвакуациялануға мәжбүр болды.
Құтқарушылар дүйсенбі күні таңертең болған лай көшкінінен аман қалғандар немесе қаза тапқандардың денесін іздестіріп жатыр.
Бұған дейін су тасқынынан 8 адам өліп, 50 адам із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!