{metadescription}
Аптап ыстықтан 70 адам қайтыс болды

Аптап ыстықтан 70 адам қайтыс болды

Канадада аптап ыстыққа шыдамай қайтыс болғандар саны 70 адамға жетті.

Басым бөлігі егде жастағылар мен созылмалы дертке шалдыққандар.

Канада Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, Монреаль қаласының өзінде 34 адам өмірімен қош айтысқан.

Содан бері ауа температурасы біршама төмендеп, сынап бағаны Фаренгейт бойынша 81 градус (27°C) пен 55 градус (13°C) аралығын көрсетіп отыр. Квебек провинциясының қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті кеше жағдай реттелгенін мәлімдеген.

Толығырақ КТК телеарнасынан 20:30-да кешкі жаңалықтардан көре аласыздар.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде