Семейде тапа-тал түсте жарты миллион теңгені ұрлап кеткен
Жатын бөлмеден жарты миллион теңгені алып кеткен ұры жылдам ұсталды.
09:50 12.07.2018
1975 жылы туған семейлік Селима К. есімді тұрғын жатын бөлмесінен жарты миллион теңге қаражатым ұрланды деп арыз жазған екен.
Полицейлер шынында да оның бөлмесіне терезесін сындыру арқылы біреулердің түскенін анықтаған.
Селима К. өзі жұмыста, түнгі кезекшілікте жүрсе керек.
-Әуезов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шұғыл іздестіру барысында арызданушы әйелмен бірге тұратын ер адамды қолға түсірді,-деді Семей қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов,
Ұрлықшы 42 жастағы, бұрын осындай ұрлығы үшін сотталған адам. Өзінің қылмысын мойындап отыр. Ақшаны қайтарып берсе керек. Осы іс бойынша ҚР ҚК 188 бап 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Дерекккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!