{metadescription}
Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқарады

Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқарады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды.

Заң ресми түрде БАҚ-та жарияланып, күшіне енген.

Биыл 5 шілдеде парламент мүшелері осы заңды мақұлдап, Мемлекет басшысы заңға қол қойған болатын. Қазақстанның Конституциялық кеңесі құжатты Конституцияға сәйкес деп таныды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасына өмір бойы Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болу құқығы берілді», - делінген жарияланған заңда.

Әділет министрі Марат Бекетаев «Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару туралы шешімі тұрақтылықтың сақталуы мен нығаюының факторы» деп мәлімдеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.