Су тасқынынан құрбан болғандар 195 адамға жетті
Жапонияда толассыз жауған нөсер мен содан туындаған су тасқыны салдарынан опат болғандар саны 195 адамға жетті, тағы жиырмадан адам хабар-ошарсыз кеткен.
11:40 12.07.2018
Министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суганың айтуынша, тағы 40-қа жуық адаммен байланыс орнату мүмкін болмай отыр.
Бұдан тыс, 4 адам хал үстінде жатыр, хабар-ошарсыз кеткендердің саны 23-ке жетті. Су тасқынының салдарын жою мен жоғалғандарды іздеуге 70 мың адам жұмылдырылған.
Эвакуация орталықтарында үйін су басқандықтан тастап шыққан 6 мыңнан астам адам бар.
Өткен аптаның ортасында Жапонияға төнген «Прапирун» дауылы алапат нөсерді қоса әкелген болатын. Елдің кейбір аудандарында бірнеше күнгі жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден асып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!