{metadescription}
ШҚО-да өрт: әйел адам қаза тапты

ШҚО-да өрт: әйел адам қаза тапты

Шығыс Қазақстанның Зырян қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 1956 жылғы әйел адам көз жұмды

4 қабатты үйдің екінші қабатынан шыққан өртті әуелі көршілері байқап, өрт сөндіру қызметін шақырған.

Отқа оранған пәтерге өрт сөндірушілер терезеден түсіп, әйел адамның денесін сыртқа алып шықты. Өрт 20 минут ішінде ауыздықталды.

Ал Көкпекті ауданына қарасты Самар ауылында жер үй өртеніп, 1986 жылғы әйел 2011 жылғы баласымен бірге құтқарылды.

«Әйел 2 дәрежелі, бала 3 дәрежелі күйік алған. Қазір олар ауданаралық ауруханада жатыр. Өртті толық сөндіруге 4 сағат уақыт кетті» - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Қызыл жалын мұнда 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Осылайша, бір тәуліктің ішінде тілсіз жаудың кесірінен бір адам көз жұмып, екі адам ауруханаға түсті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде