{metadescription}
Екі полицейді жарақаттаған әлем чемпионы тұтқындалды

Екі полицейді жарақаттаған әлем чемпионы тұтқындалды

Алғашқы орта салмақтағы WBO чемпионы америкалық Морис Хукер (24-0-3, 16 КО) көлікті мас күйде жүргізгені үшін тұтқындалды.

10 шілдеде Хукер таңғы сағат он шамасында көлік апатынан кейін Даллас полициясына жеткізілді. Боксшы екі полицей зардап шеккен жол-көлік оқиғасына себепкер болған. Полицейлер ауруханаға жеткізілген, олардың өміріне қауіп жоқ. 

Бос болған WBO белбеуін Хукер 9 маусымда Манчестерде өтекен бокс кешінде британиялық Терри Фланаганды (33-1, 13 КО) жеңгеннен кейін иеленген. Жеңіл салмақта WBO белбеуін екі жыл бойы қорғап келген 29 жастағы Фланаган үшін бұл алғашқы жеңіліс. 

Хукер чемпиондығын күзде отандасы Алекс Сауседомен (28-0, 18 КО) жұдырықтасып, қорғауы керек. Сауседоны 2016 жылдың қазанынан Абель Санчес жаттықтырып келетінін айта кетейік. 

Дереккөз: vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде