Ер адам 83 жастағы зейнеткерді зорлап, үйін өртеп жіберді
Қылмыскер терезе арқылы әйелдің үйіне кіріп, жауыздықпен қылмысын жасап кеткен.
13:49 12.07.2018
Киев облысындағы Леоновка ауылында ер азамат зейнеткердің үйін тонап, оны зорлап, артынша үйін өтреп жіберген.
“32-жастағы ер адам 83 жастағы әжейдің үйіне терезе арқылы кіріп, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Екі ұялы телефонды ұрлап, үйді жағып жіберген”, - делінген хабарламада.
Салдарынан зейнеткер қаза тауып, үйінін біраз бөлігі жанып кеткен.
Күдікті қамауға алынды, ол өз кінәсін толықтай мойындаған. Ер адамда психикалық ауытқу ауруы тіркелген болып анықталды. Нәтижесінде оны психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі түрде жатқызған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!