{metadescription}
Шелектегі аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті

Шелектегі аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті

Алматы облысындағы Шелек ауылы ауруханасының бас дәрігері қызметінен кетті.

Жақып Желеуов өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазған.

Алматы облыстық әкімдігі арызға бүгін таңертен қол қойды. Жиырма жылға жуық бас дәрігер лауазымынан түспеген Жақып Желеуовтің зейнетке шығуына санаулы ай ғана қалған.

Еңбек демалысына ертерек кетуіне соңғы аптадағы жағдай тікелей түрткі болғандай.

Айта кетейік, екінші шілде күні аурухана аумағындағы құдыққа түскен екі сантехник пен бір дәрігер газдан уланып, тілге келмей ажал құшты.

Толығырақ КТК телеарнасынан сағат 20:30-да кешкі жаңалықтардан көре аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде