Ресейде қазақстандық студент оқытушыны пышақтап тастаған
Ресейде оқытушыны пышақтады деген күдікпен қазақстандық студент айыпталуда.
18:18 12.07.2018
Ол өзі білім алған Мәскеудегі Бауман атындағы техникалық университеттің қызметкеріне суық қару сұғып алған.
Зардап шеккен 28 жастағы оқытушы қазір ауруханада хал үстінде жатыр.
Қазір қазақстандық азамат Мәскеу қаласында 30 тамызға дейін уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оған денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген айып тағылуда.
Белгілі болғандай, Байқоңыр қаласының тумасы Жасұлан Құдайбергенов сабаққа қатыспағаны және оқу ақысын төлемегені үшін маусым айының басында Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінен шығарылыпты.
Оқыс оқиғанын толықтай мән-жайын КТК телеарнасынан сағат 20:30-да кешкі жаңалықтардан көре аласыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!