{metadescription}
Ресейлік зейнеткер 7 жыл Қазақстаннан заңсыз зейнетақы алып тұрған

Ресейлік зейнеткер 7 жыл Қазақстаннан заңсыз зейнетақы алып тұрған

Ресей азаматы болып саналатын 65 жастағы зейнеткер Қазақстан бюджетін  6 миллионнан астам теңге шығынға ұшыратты.  

Ресейлік азаматшаның қылмыстық ісі Бородулиха аудандық сотында қаралды.

Ол 2008 жылдан бері Ресей жерінде зейнетақы алып келген. Бірақ 2011 жылы зейнетақы тағайындап беріңдер деп ҚР құзыретті органдарына барған. Сөйтіп екі елді бірдей алдаған зейнеткер екі арықтан су ішіп келген.

– Осылайша, Т. екі азаматтығы барын жасырған. Қазақстанда 2011 жылдың ақпанынан 2018 жылдың мамырына дейін зейнетақы алып келді. Нәтижесінде, мемлекетке 6 354 373 теңге көлемінде шығын келтіріп отыр, – деп хабарланды сотта.

Айыпталушы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Дереккөз: altaynews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде