{metadescription}
ВИДЕО: Қарағандыда жанармай бекетінде жарылыс болды

ВИДЕО: Қарағандыда жанармай бекетінде жарылыс болды

Қарағандыда автожанармай құю стансаларының біріне найзағай түсіп, жарылыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс 12 шілдеде болған. Қатты тарс еткен дауыс шығып, жанармай бекетінің тас-талқаны шыққан. 

Қарағанды облыстық ТЖД-да хабарланғандай, 12 шілдеде 15:43-те Совхозная көшесінің бойындағы «Вита Марс» автожанармай құю стансасына найзағай түскені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына 5 техника мен өрт сөндірушілер және құтқарушылардан құралған 24 адам барған. Оқиға орнында найзағай соғуы салдарынан 4 жанармай құю бағанының қирағаны анықталған.

«Өрт сөндірушілер жанармай құю бағандары мен жанар-жағармай материалдарын сақтайтын ыдыстарды салқындату жұмыстарын жүргізді. Өрт болған жоқ», - деп түсіндірді ведомствода.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде