ВИДЕО: Ер адам ашынасын баласымен сабаған
Калифорниялық 27 жасар Текхоак Дэнни Лим ашынасын ұрып тастаған.
17:20 13.07.2018
Ол өзінің баласын қару ретінде пайдаланып, ашынасын соққыға жыққан. Болған жағдай Лимнің көршілерінің үйінде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жергілікті тәртіп сақшылары Дэнни Лимді тұтқынға алған. Тексеріс барысында бір жастан енді асқан баланын денесінен түрлі зақымдар, көгергендер анықталып, құлағынан қан кеткені белгілі болған.
Сәби қазір анасының қолына табысталды.
Ал, Лим болса 50 мың АҚШ доллары көлемінде залог төлеп, бостандықа шыққан. Оның үстінен өтетін сот 7-ші қыркүйекrt белгіленген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!