{metadescription}
Ақтөбеде 5-қабаттан секіріп көз жұмған әйелдің хаты табылды

Ақтөбеде 5-қабаттан секіріп көз жұмған әйелдің хаты табылды

Өткен жексенбі күні Ақтөбеде 50 жастағы науқас әйел онкологиялық емхананың 5-қабатынан секіріп кетті.

Әйел оқиға орнында көз жұмды. Марқұм әйелдің өлер алдында жазған күнделігі мен ұялы телефоны табылды. Алайда онкологиялық ауруларды емдейтін медициналық орталықтың басшысы оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.

«Біз науқастарға қатысты пікір айтпаймыз», – деді бас дәрігер Батыр Оразалин.

«Науқастың өлімі жайлы әлі дұрыс білмеймін. Тек көз жұмды деп естідім. Өзім іс-сапардан жаңа келдім», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Светлана Есенаманова.

Ал, прокуратура аппаратының жетекшісі Жасұлан Даулембаев бұл оқиғаны жоққа шығарған жоқ.

«Бұл туралы ауызша пікір айта алмаймыз. Оның үстіне өзіне қол салу ісі болып тұр», – деді Жасұлан Даулембаев.

Ақтөбеліктер бұған дейін де талай рет онкологиядан емдейтін дәрігерлердің қызметіне көңілі толмайтынын айтқан.

Дереккөз: 365info.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде