ӘЧ-2018: Бельгия құрамасы қола жүлдегер атанды
14 шілдеде футболдан Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта Бельгия құрамасы ұлыбританиялықтардан басым түсті.
01:00 15.07.2018
Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы "Крестовский" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілді. Ойынды тамашалуға 64 406 жанкүйер жиналған.
Ойынның төртінші минутында бельгиялықтардың жартылай қорғаушысы Томас Менье Насер Шадлидің пасын нәтижелі етіп, есеп ашты. 82-ші минутта бельгиялықтардың капитаны Эден Азар есепті еселеді. Нәтижелі пастың авторы Де Брёйне.
Айта кетейік, ӘЧ-2018 жарысының финалдық кездесуі 15 шілдеде Мәскеудің "Лужники" стадионында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша 21:00-де басталады. Франция мен Хорватия құрамалары кіл мықтыны анықтайтын болады.
Дереккөз: Vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!