Әйгілі актриса Зәмзәгүл Шәріпова өмірден өтті
Қазақстанның халық әртісі, «Отан» орденінің иегері Зәмзәгүл Шәріпова өмірден озды.
02:00 15.07.2018
Зәмзәгүл Шәріпова 1931 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы ХХ партсъезд ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Алматының Жоғарғы киноактерлер мектебін бітіріп, «Қазақфильм» киностудиясында және Қазақ радиосында қызмет еткен.
1953 жылы М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданып, сол уақыттан бері үзіліссіз осы театрда қызмет етіп, актерлік диапазоны кең актриса ұлттық драматургия бен дүниежүзілік классикадан сан қырлы 100-ден аса бейне сомдаған.
Ұлттық өнерге сіңірген ерекше еңбегі үшін З.Шәріповаға Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1959), Қазақ КСР халық әртісі (1966) құрметті атақтары берілді. «Құрмет белгісі» (1959), «Халықтар достығы» (1981) және тәуелсіз Қазақстанның «Отан» (2005) ордендерімен, сондай-ақ бірнеше дүркін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Марқұммен қоштасу рәсімі шілденің 16-сы күні сағат 10:00-де Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді.
Зәмзәгүл Шәріпованың өмірінен сырт шерткізетін кішігірім деректі фильмді осы жерден көре аласыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!