{metadescription}
ФОТО: Баянөлгейде су тасқынынан 170 отбасы зардап шекті

ФОТО: Баянөлгейде су тасқынынан 170 отбасы зардап шекті

Моңғолияның Баянөлгей аймағында нөсер жаңбыр  салдарынан 275 үй шаруашылығын су басып қалды.

Аймақтың арнайы комиссиясының қорытындысына сәйкес, көптеген отбасылардың үйлері зардап шеккен. Құтқару жұмыстарына жеті ұйымның 124 адамы мен 24 техникасы тартылған. Оллардың арасында полиция, 340 сарбаз және электр жүйесінің мамандары бар.

Олар апат болған жерде адамдарды іздеумен, ғимараттарды қалпына келтіру  жұмыстарымен айналысуда. Қазіргі уақытта 163 адам қауіпсіз орындарға жеткізілді. 95-і - аудан орталығы Өлгей қаласындағы алтыншы орта мектептің жатақханасына орналастырылды. Адам өлімі тіркелген жоқ.  Эксперттердің айтуынша, материалдық шығын көбеюі мүмкін.

Төтенше жағдай жөніндегі комитет табиғи апаттан келген шығынды анықтап, үйсіз қалған жандарға көмектеседі. Сондай-ақ оларға азық-түлік жеткізуді ұйымдастырады.

Аймақтың Метерология және гидрология орталығының ақпараты бойынша, жаңбыр 21 шілдеге дейін жауады.

Еске сала кетсек, Баянөлгей -  қазақтар ең көп шоғырланған аймақ.  

Дереккөз:  ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.