Семейде автобус жүргізушісі баланы басып кетті
30 жастағы автобус жүргізушісі қаладан соңғы аялдамаға жете бергенде 2012 жылы туған баланы басып кетті. Жол-көлік оқиғасының «Мұрат» саяжайлар аумағы ауданында сағат 17-00-дер шамасында орын алған. Сәби алған жарақаттарынан медициналық мекемеде қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалып, болған оқиғаның себеп-салдары нақтылануда. Медициналық тексеру жүргізушінің оқиға болған сәтте спиртті ішімдіктен таза болғандығын көрсетті.
09:28 17.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!