Селфи жасаймын деп Қаскелең өзеніне құлап өлді
Селфи жасаймын деп Қаскелең өзеніне құлап көз жұмды.
14:34 17.07.2018
Алматы облысындағы Қаскелең өзеніне 35 жастағы әйел ағып кетті. Оқыс оқиға 16 шілдеде, дүйсенбі күні Қаскелең қаласындағы демалыс орнындарының бірінде болды.
Республикалық жедел құтқару жасағының мамандары әйелдің денесін кешкі 9-дан бастап іздеген.
«Үш сағаттан соң әйелдің денесі құлаған жерінен алысырақ жерден табылды. Кешқұрым уақыт болғандықтан іздестіру жұмыстары ұзаққа созылды. Дене су астындағы қоқыс пен бұтақтарға шырмалып қалыпты», - деді РЖҚЖ құтқарушы мейірбикесі Е.Клочко.
Куәгерлердің айтуынша, әйел тайғақ тастың үстіне шығып селфи жасамақ боп абайсызда өзенге құлап кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!