{metadescription}
Биыл еліміздің перзентханаларында қанша әйел қайтыс болды?

Биыл еліміздің перзентханаларында қанша әйел қайтыс болды?

Биыл еліміздің перзентханаларында қанша әйел қайтыс болды?

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы ана өлімі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, алғашқы жартыжылдықта босануға дейін және босанғаннан кейін ана өлімі көрсеткіші былтырғы деңгейден өскен.  Атап айтқанда, жыл басынан бері республика перзентханаларында 31 әйел көз жұмған.  «Қаңтар айынан бері республикада 31 ана көз жұмды. Жыл сайын республикамызда 50-60 әйел көз жұмады. Ресми статистика бар, одан бөлек жыл сайын құпия аудиттер жүргіземіз, яғни басқа диагноз бойынша тіркелгендерді тексереміз. Құпия аудит есебімен ана өлімі 100 мың жаңа босанған әйелдер арасында орта есеппен 14-15 әйелді құрайды. Қазіргі  уақытта әрбір жағдайға қатысты Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тергеу жүргізіп жатыр», - деді Елжан Біртанов.

Елжан Біртанов ана өлімі себептерін екі негізгі топқа бөліп көрсетті.

«Бірінші - тікелей босану жағдайына, екіншісі - жарақат, тамақтан улану секілді жүктілікке қатысы жоқ жағдайға байланысты. Ана өлімінің көбеюі әйелдердің денсаулығына да байланысты болып отыр. Өкінішке қарай, жылдық есеппен әйелдердің 20 %-і кеш есепке тұрады. Сондықтан оларды бақылау қиын. Қайтыс болғандар арасында бұл көрсеткіш 50-60%-ке дейін жетеді. Яғни, көз жұмған әйелдердің басым бөлігі уақытында есепке тұрмағандар», - деді ол. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде