ФОТО: Шариғат заңын бұзған гейлерге дүре соғылды
Индонезиялық гейлерге шариғат заңын бұзғаны үшін жұрт алдында дүре соғылды.
16:58 17.07.2018
Индонезияның шариғат заңымен өмір сүретін Ачех провинциясында құқықбұзушыларды жұрттың алдына шығарып дүре соғады. Бұл бірінші кезекте бір жынысты неке қиғандарға, некеден тыс жыныстық қатынасқа түскендерге, құмар ойын ойнағандарға, алкогольдік ішімдік сатып, қолданған адамдарға қатысты.
Ачех - "ең исламы мықты" провинция. Ол өз тәуелсіздігімен күресіп, 2005 жылы ерекше автономия мәртебесін алған.
Кең киімді бетперде киген адам "қылмыскердің" арқасынан ротанга талының шыбығымен жотасы тілінгенше соғады. Ал жиналған мыңдаған адам "Аямай соқ!" деп айқайлап, мобильді телефондарына түсіреді.
Ал мына екі еркекті бір жыныстық қатынасқа түскені үшін жазалады. Бұларды сұлулық салонында ұстап алған екен. Ал Индонезияның басқа провинцияларында гомосексуализм заңмен жазаланбайды.
,Жұма күні 15 адамға дүре соғылды. Гомосексуалдардан бөлек, тағы бір жұп болды. Сондай-ақ жас келіншек арақ сатқаны үшін жазаланды.
Бүгінгі дүре соғу сіздерге сабақ болады және шариғат заңын бұзуға болмайтыны туралы ескерту болсын деп үміттенем, - деді қала билігінің өкілі Тармизи Яхья.
Бұл көрініске жиналған жұрт "сыбағасын" алғандарға жаны ашымайтынын айтуда. "Шынымен де қатты соқпайтын тәрізді, сыртынан қарасаң солай көрінеді, оларды аямай ұру керек", - деді жиналғандардың біреуі.
Бір қызығы, Индонезия президенті Джоко Видодо бірнеше рет Ачеха билігінен мұндай дөрекі әрекетті тоқтау керектігін өтінген. Болмаса оны жұрт көзінше емес, түрменің ішінде соғыңдар деген болатын. Әзірге оған құлақ асқан ешкім жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!