ВИДЕО: Кубада мобильді интернет пайда болды
Кубада мобильді интернет пайда болды.
18:00 17.07.2018
Өмірімізді мобильді интернетсіз елестету қиын. Музыка, карталар, әлеуметтік желілер. Бұның бәрін смартфоның болса қолжетімді. Тек Кубада емес.
Кубалықтар күні бүгінге дейін заманауи дүниеден қағылып келді. Бұл жағдайды ел басшысы Мигель Диас-Канель түзеді. Ол Рауль Кастроның орнына келген болатын.
Мобильді интернетке ең бірінші мемлекеттік басылымдардың журналистері қол жеткізді. Бұл жақсы көмек болды, - дейді репортер Юрис Норидо.
Юрис Норидо, кубалық журналист:
"Бұл біздің жұмысымызды дамытады. Енді кез келген сайтқа телефоннан да кіріп, міндетімізді жақсартатын болды. Журналиске әлеуметтік желі де қажет".
Гавана тұрғыны Илина Пульдон жаңа енгңзңлген заңды тағатсыздана күтіп жүр.
Илина Пульдон, Гавана тұрғыны:
"Телефонда - интернет! Бұл дегенің керемет емес пе! Маған қатты ұнайды. Қазір болса ғой".
Анхель Леон желіге қалай кіретінін айтты.
"Wi-Fi нүктесін іздеймін. Ертерек тұрып, жұмыс алдында поштамды қарап, достарыммен сөйлесіп үлгеремін. Телефоннан бұл әдеқайда жеңілірек болар еді".
Кубалық телекоммуникация монополисі ETECSA желтоқсан айында 2018 жылдың соңына дейін барлық тұрғындар желіге кіруге мүмкіндік алады деп уәде берген. Ол - бес миллионнан аса адам, яғни Куба халқының жартысы.
Сарапшылардың айтуынша, бұл кубалық қоғамды едәуір өзгертеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!