{metadescription}
ВИДЕО: Өскеменде өзіне қол салмақ болған әйел құтқарылды

ВИДЕО: Өскеменде өзіне қол салмақ болған әйел құтқарылды

Полицейлер Өскеменде көпірден секірмек болған әйелді тоқтатты.

Әйел адамды құтқарған сәтінің видеосын Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі жариялаған.

Оқиға 14 шілде күні орын алған. Әйел адамның Үлбі өзеніндегі көпірден секіргелі тұрғанын қасынан өтіп бара жатқан куәгер хабарлаған.

Тәртіп сақшылары Рустам Ағыбаев пен Жасұлан Бекболатұлы оны әңгімеге тартып, алдаусыратып, құтқарып қалады.

Қазір полиция аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде