Олимпиада бағдарламасына тағы 6 жаңа спорт түрі қосылды
Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының тізіміне тағы 6 жаңа спорт түрін қосу жөнінде шешім қабылдады. Бағдарламаға бобслейден әйелдер арасындағы жеке жарыстар, фристайлдың «бэг-эйр» бағдарламасы бойынша ерлер және әйелдер арасындағы жарыстар, фристайлдан аралас командалық жарыстар (акробатика), сноуборд-кростан аралас командалық жарыстар, трамплиннен шаңғымен секіруден командалық турнир және шорт-тректен аралас эстафета сияқты жарыстар енгізілді.
09:55 19.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!