ВИДЕО: Екі апта үңгірде қамалған футболшылар бастан кешкен оқиғасын айтып берді
Екі апта үңгірде қамалған тайлық футболшылар бастан кешкен оқиғасын айтып берді.
12:27 19.07.2018
"Үңгірдегі ұлдар", Жабайы қабан" командасының жас футболшылары сәрсенбі күні ауруханадан шықты. Онда олар тексеруден - медициналық оңалтудан өтті.
Таиландтың солтүстігіндегі су басқан үңгірде 12 жасөспірім жаттықтырушысымен бірге жер астында екі апта бойы қамалып қалған болатын.
Балаларды құтқару үшін көпұлтты іс-шаралары жүзеге асырылды. Жоғалған футболшыларды британдық аквалангистер тапты. Құтқару жұмыстары кезінде тайлық әскери, суда жүзгіш мерт болған. Ол қамалғандарға оттегі баллондарын жеткізіп тұрған болатын.
Чианграеде өткізілген баспасөз-мәслихатында жасөспірімдер өздерінің басынан кешкен оқиғаларын айтып берді. Үңгірде қамалып қалған балалар бір-біріне күресу керектігін, берілмеу керектігін қайталап айтып отырыпты. Үйіме оралмаймын-ау деген ойдан қатты шошыпты. Барлығы өзара қолдау мен қолпаштаудың арқасында тірі қалғандарын жасырмады.
Команданың жаттықтырушысы өздерімен бірге ешқандай тамақ болмағанын айтты. Олар үңгірге жаттығудан соң тамақтанып алып бардық деді. Бәрі экскурсияның бір сағаттан аспайтынын білген. Бірақ қатты нөсер үңгірдің есігін бітеп тастап, жоспарлары бұзылған.
Олар тастардың арасынан сыздақтап шығып тұрған тамшыларды ішіп отырған. Ата-наларының айтуынша, олардың ұлдары команда тәлімгерінің үлкен тәжірибесі мен жігер-рухының арқасында аман қалды.
Дәрігерлер балалардың денсаулығы мен психологиялық жағдайы қанағаттандырарлық деп отыр, яғни олар күнделікті өмір тіршілігіне кірісе беруіне болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!