{metadescription}
Әйелдердің шомылу киімін киген ұры ұсталды

Әйелдердің шомылу киімін киген ұры ұсталды

Семейде әйелдерге арналған шомылу киімін киіп, өзен жағасында жүрген жігіт қамауға алынды.

Әйелдердің шомылу костюмін киіп алған 30 жастағы семейлік жігіт Ертіс өзеніне демалуға барған. Ер адамның ерсі киінгенін көріп шошынған демалушылар оны қызтеке деп ойлаған. Жұрттың назарына түскен жігітті полиция қызметкерлері дереу ұстап, Әуезов полиция бөліміне апарды.

Ол әйелдердің шомылу киімін ерлердің күреске киетін формасымен шатастырып алған және костюмді ұрлап алған.

"Семей қалалық Ішкі істер бөліміне қаладағы базарлардың бірінің бутик иесі арызданған. Айтуынша, белгісіз біреу  бутиктің құлпын бұзып, ішіндегі киім-кешектерді қолды еткен. Жалпы шығын көлемі - 900 мың теңге. Оның ішінде әйелдердің шомылуға арналған киімі де болған. Полиция қызметкерлері 1 апта бойы ұрының жеке тұлғасын анықтауға тырысқан. Ақыры, Ертісте демалып жүрген жерінен қолға түсірді», - делінген   департамент таратқан ақпаратта.

Ол басқа да ұрлықтарға қатысы бар екенін мойындады: көрші дүкеннен бір қап картоп, бір қорап қызанақ және қияр ұрлаған. Бұған дейін бірнеше рет ұрлыққа қатысты сотты болған азамат  уақытша ұстау изоляторында отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.