{metadescription}
Шаурмадан 160 адам уланды

Шаурмадан 160 адам уланды

Ресейге қарасты Тува елінің Кызыл қаласында шаурмадан уланғандар саны 160-ға жетті. 

Тувада ішек инфекциясы індеті «Шаурма» қоғамдық тамақтану орнына келушілер арасында шыққан.

«Ауруханаға жеткізілгендер саны бұрынғыша. Олардың жағдайы жақсарды, ауыр халде жатқандар жоқ. Дәрігердің көмегіне жүгінгендер саны 160 адамға жетті. Бүгін тағы бес адам келді, олардың барлығы стационарда ем қабылдап жатыр», - деді денсаулық сақтау министрлігі.

Сәрсенбідегі дерек бойынша, зардап шеккендер саны 155-ке жеткен, олардың 80-і ауруханада жатыр (соның ішінде 16 адам тұрақты ауыр халде жатыр).

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.