{metadescription}
ВИДЕО: Жиналмалы көпірдің саңылауына велосипедімен қоса құлап кетті

ВИДЕО: Жиналмалы көпірдің саңылауына велосипедімен қоса құлап кетті

АҚШ-тағы жиналмалы көпірдің саңылауына велосипедші қыз құлап кетті.

Америкалық Висконсин штатының Көлік департаменті 4-шілдеде өткізілген думан шашудан кейін түсірілген бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларды енді жариялап отыр. 

Менаш қаласындағы жиналмалы көпірдің салынғанына бірнеше жыл болғанымен, ол  жергілікті тұрғындарға күні-бүгінге дейін "тосын сый" жасап келеді. Ескерту белгілерін пысқармаған 37 жастағы велосипедші  қыз тосқауылдан өтіп кетпекші болды. Бірақ көтеріліп келе жатқан құрастырылымның арасындағы саңылауға велосипедімен қоса құлап кетті. 

Көшедегі адамдар зардап шеккен қызға тұра ұмтылып көмекке келді. Олар әйелді жарықтан шығарып алып, полиция мен жедел жәрдем шақырды. 

Жиналмалы көпірдің операторы қозғалысты тоқтатып, адамдар сол жерден кетпейінше көпірді тоқтатып қойды. 

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, велосипедші қызды бет жарақатымен аурухана жеткізілген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде