Қырғызстан астанасының мэрі ұсталды
Бішкек мэрі Албек Ибраимов ұсталды.
21:00 19.07.2018
Бұл туралы Қазақпарат Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
А. Ибраимов 19 шілде күні ұсталып, МҰҚК-нің бас тергеу басқармасына жеткізілген. А. Ибраимов өзінің қатысуымен тергеу амалдарын жүргізу үшін бірнеше рет шақырылған. Бірақ ол тергеушінің шақыруын елемей, егер МҰҚК ұстамақ болса, қарулы қарсылық көрсететінін айтқан.
Осы күндері Қырғызстанның МҰҚК Бас тергеу басқармасы бірқатар қылмыстық істерді тергеп жатыр. Тергеу барысында А. Ибраимовтің оларға қатысы бары туралы нақты мәліметтер анықталған.
Еске сала кетейік, 13 шілде күні Бішкек қалалық кенеш депутаттары қала мэрі Албек Ибраимовке сенімсіздік вотумын білдіріп, отставкаға кетуін талап еткен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!