ВИДЕО: Оралда бас дәрігер әйел адамды көлігімен басып кетті
Оқиға Жәңгір хан атындағы көшеде болған.
16:30 21.07.2018
Оралда 20 шілдеде Nissan автокөлігінің жүргізушісі бағдаршам арқылы жолдан өтіп бара жатқан 45 жастағы әйелді қағып кетті.
«Біз ауылға үйлену тойына бара жатқанбыз. Дүкеннен жейде сатып алайық деп осында тоқтадық», - дейді зардап шеккен әйелдің туысы.
Көлік тізгінінде Теректі аудандық ауруханасының бас дәрігері болыпты, ол Оралға конференцияға бара жатқан. Оның айтуынша, әйел бағдаршамның қызыл жанып тұрғанына қарамай, жолдан өткен. Жүргізуші алдыңғы дөңгелегімен әйелді мыжып барып тоқтаған. Көлік астында қалған зардап шегушіні куәгерлер шығарып алған.
Оған ота жасалды. Зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!