{metadescription}
Сотталғандар ауыздарын тігіп тастады

Сотталғандар ауыздарын тігіп тастады

Қызылордадағы ЗК 169/5 қатаң режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеуші 4 адам өз ауыздарын тігіп тастады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл қадамға өз құқықтарының бұзылуына наразылық ретінде барған. Түрмедегі жағдай нашар әрі тәртіп сақшылары сотталғандарға дөрекілік көрсетеді.

Сондай-ақ абақтыға қамалғандардың туған-туыстарымен телефон арқылу сөйлесу мүмкіндігі де шектелетін көрінеді. Бұл туралы бас бостандығынан айрылғандардың жақындары қоғамдық бақылау комиссиясына шағымданған. Фактіге байланысты қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Ал қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Ғанибек Отарбаев жағдайдың қалыпқа келгенін айтуда.   «Сотталғандар мерзімін өтеп жатқан мекеменің әкімшілігінен іштегі ауаның тарлығынан есікті ашып қоюды талап етті. Бұған енді нормативтік актіге байланысты ол қапастың есіктері жабық болуына талап бар. Болған жағдайға байланысты прокуратура, ҮЕҰ өкілдері келіп, олармен әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.

Бұдан кейін олар сымды еріндерінен өз еркімен алып тастады. Қазір жағдайлары жақсы», - деді облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Ғанибек Отарбаев.


 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.