{metadescription}
 Павлодарлықтар 5 жасар қырғыз қызының өнеріне тәнті болды

Павлодарлықтар 5 жасар қырғыз қызының өнеріне тәнті болды

Естай Беркімбаевтың 150 жылдық мерейтойында өнер көрсеткен цирк Павлодарда қырғыз қызы өнерімен таң қалдырды.

Бұл туралы pavlodarnews хабарлайды.

Даршылар тобының жетекшісі Шәмшідин Хожиматовтың айтуынша,  олар Қарағандыда гастрольдік сапармен жүріп, Екібастұз қаласына ат басын бұрған. Бұл жақта мерейтойда өнер көрсету туралы ұсыныс түскен. Әсіресе, 5 жастағы қыздың өнері қонақтардың көңілінен шықты.

«Бұл менің Бибісара атты немерем, - деді Шәмшідин Хожиматов. Оның биіктікте жүргеніне бірнеше жыл болды. Әзірге ол тек қана үлкен адамдармен бірлесе өнер көрсетеді. Ал  6 жасар немерем Бехрузбек керілген арқанның үстіне жалғыз шығады».

Даршылар отбасы 25 жыл бойы гастрольге шығып жүр. Осы уақыт ішінде топ Ресейдің жартысын аралап шыққан. Сонымен қатар, Украина мен Беларусь елінде болған.

«Біз Қазақстанда өнер көрсеткенді ұнатамыз. Бізді  мұнда үнемі жылы қарсы алады», - деді даршылар. Павлодар облысында соңғы рет даршылар 20 жыл бұрын болған. Ашық аспан астындағы циркті павлодарлықтар жақын арада тамашалай алады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.