Марадона өзінен 30 жас кіші қызға үйленетін болды
15:35 27.07.2018
Марадона өзінен 30 жас кіші модель қызға үйленетін болды.
2014 жылы аты аңызға айналған футболшы жас қызға үйлену туралы ұсыныс жасап, содан кейін екеуі қатты ұрсысып қалып, ажырасқан.
Аргентиналық футболшы Диего Марадона тағы да үйленуге ұсыныс жасады. Бұл жолы оның ғашығы — 28 жастағы Росио Оливе. Sport24 хабарлағандай, бұл жолы модель оның меселін қайтармапты.
Бұндай шешімді қабылдауға Марадона Буэнос-Айресте бел буды. Ол жерде қызының туған күнін тойлаған екен. 57 жастағы аргентиналық атақты футболшы туған күн кешінде үйленуге ұсыныс жасап, Оливе келісімін берді.
Диего Марадона және Росио Оливе. Фото: Daily Star
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!