Головкиннің промоутері GGG «ізбасарын» атады
Геннадий Головкиннің промоутері Леффлер GGG «ізбасарын» атады.
17:50 27.07.2018
Америкалық промоутер Том Леффлер 23 жастағы украиндық нокаутшы Сергей Богачукті (10-0, 10 КО) орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) сияқты биік шыңдарды бағындыра алады деп есептейді.
«Богачуктің әлеуеті зор. Абель Санчес - ол үшін мықты бапкер. Оның жаттығуларда қалай жұмыс істейтінін, Головкин мен Гассиевтен қалай үйреніп жатқанын көріп жүрмін. Оның болашағы алда. Богачук Биг Бэар жаттығу лагерінде Головкинмен, Гассиевпен және басқалармен жаттығып жатыр. Жастар осындай боксшылардан үйренулері тиіс. Сергей олармен бірге жұмыс істей отырып, өсіп жатыр. Адамдарға Сергейдің рингте көрсетіп жатқаны ұнайды. Адамдар нокаутты ұнатады. Майк Тайсон неге танымал болды? Себебі, ол бәрін нокаутқа түсіретін. Богачук нокауттың арқасында Головкин сияқты танымал болады деп ойлаймын. Оның ұлы чемпион болуға әлеуеті бар», - деді Леффлер Luckypunch.net жобасына берген сұхбатында.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!