{metadescription}
ФОТО: Мафиоздар иісшіл иттің көзін құрту үшін қыруар ақша төлеуге дайын

ФОТО: Мафиоздар иісшіл иттің көзін құрту үшін қыруар ақша төлеуге дайын

Сомбра атты полициялық ит есірткі мафиясының "қанын ішкені" сондай, олар иісшіл итті тауып, оны өлтірген адамға қыруар ақша төлеуге дайын екенін айтып отыр.

Колумбияда Сомбраның  (Елес) аты аңызға айналды. Иісшіл иттің полицияға қызмет еткеніне үш-ақ жыл өтсе де, ол 9 тонна кокаин тапқан. Сөйтіп ол есірткі трафигімен айналысатын жергілікті "Шығанақ қауымы" бандысының қылмысына тойтарыс беріп келеді.

Қауым басшысы Дарио Усуга иісшіл иттің басына мол сыйақы төлейтінін айтты.

Неміс овчаркасы есірткі іздеумен 300 операциға қатысып, есірткіге қатысы бар және есірткі сатумен айналысқан 246 адамды тұтқындатқызды.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде